Компания жөнінде
«Textiles.kz» бірлестігі — алдыңғы қатарлы қазақстандықтоқыма компаниясы 2001 жылы құрылған және тоқыма өнімдерін өндірүжөніндегі қарқынды дамып келе жатқан компания болып есептеледі.
Бірлестікке «Меланж» АҚ-ы мен «Ютекс» АҚ-ы кіреді. Өндірістік цехтарда дүние жүзіндегі тоқыма тігін машина құрал-жабдықтарын дайындайтын ең үздік зауыттарда дайындапған құрал-жабдықтар орнатылған.
Өндірілетін өнім негізінен Ресейге, Латвияға, Украинаға, Белоруссияға, Чехияға, Германияға, Италияға, Кореяға, Испанияға шығарылады. Өнімнің біраз бөлігі қазақстандық нарыққа шығарылады. Бірлестіктің жыл сайынғы өндірістегі айналымы 37 200 000 долларды құрайды.
|
|
Инженерлі-технологиялық және өндірістік мамандардан құралған жоғарғы білікті топ 1270 адамға жетеді. Бірлестік өз қызметінде серіктестерінің алдына өндірілетін өнімнің жоғарғы сапасы мен жауапкершілікті негізгі мақсат етіп қояды.
Қазіргі таңда бірлестіктің барлық өнімдері ИСО 9001-2000 Сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарына сәйкестігімен куәландырылған сәйкестік сертификатына ие.
2007 жылдың қорытындысы бойынша бірлестікке Қазақстан Республикасының үкіметінің «Алтын Сапа» және «Жылдың үздік экслортері» марапаттаулары табыс етілді.
«Textiles.kz» бірлестігі Қазақстан Республикасымен бірлесе отырып бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін және дүниежүзілік нарыкта еліміздің өнеркәсібін лайықты деңгейде ұсыну үшін бар күшін сапады.
